Қазақстанда үлкен бокс кешін өткізгім келеді - Головкин

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы Геннадий Головкин елімізде ?лкен бір бокс кешін ?йымдастыр?ысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин елімізде үлкен бір бокс кешін ұйымдастырғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап.

"Мен Қазақстанда үлкен бір жекпе-жек өткізгім келеді. Барлығы да осыны қалайтын сияқты. Бұл менің елім үшін маңызды, әрине, менің бокстағы салатын ізім үшін де. Маған чемпиондық атақтарды біріктіретін үлкен жекпе-жектер, аты белгілі қарсыластар керек. Мен алда "Канеломен" жұдырықтасамын. Соңғы белбеу үшін жекпе-жекті Қазақстанда өткізе алармын", - дейді Головкин.

Еске салайық, 7 маусымда Головкин Қарағандыда өзінің аты берілген спорт кешенінің ашылу салтанатында болған еді. Қазақстандағы сапары кезінде боксшы өкіл болып келетін Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Шілденің ортасында боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear базасында жаттығу лагерін бастайды. Ал 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама