ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 қыркүйек 2019 14:53
Қазақстандық боксшы әлем біріншілігіндегі жеңісінен кейін пәтер алды
Ресейде бокстан өткен әлем біріншілігі-2019 жарысында алтын медальды қанжығасына байлаған қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ақтау қаласында екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды, - деп хабарлайды "Маңғыстау ТВ".

Чемпион мен оның бапкері Марат Жақиевті Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қабылдады.
Боксшының бірінші бапкеріне үш миллион теңгелік сертификат табысталды, ал оның қазіргі жаттықтырушысы Жақиевке - бес миллион теңге берілді.
Айта кетейік, Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Ол Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз алтынның иесі атанды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу