Қазақстандық боксшы Альварес-Ковалев андеркартында жұдырықтаса алмайды

Қазақстандық боксшы Альварес-Ковалев андеркартында жұдырықтаса алмайды

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) шаршы алаңға тек желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) шаршы алаңға тек желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы визамен қиындықтар туындауына байланысты мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаса алмайтын болды. Бұл бокс кеші 2 қараша Лас-Вегастағы MGM аренасында өтеді деп жоспарланған.

Айдос Ербосынұлы соңғы рет 14 тамызда Сиднейде жұдырықтасып, аустралиялық Рокки Джеркичті (17-2, 13 КО) төрешілердің шешімімен жеңген. Осылайша, Ербосынұлы WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia аймақтық белбеулерін қорғап қалған. Осы жеңісі арқылы ол WBА үздік үштікке енді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама