Қазақстандық боксшы Альвареспен өткізген спаррингі жайлы айтып берді

© instagram.com/bobirzhan_mominov

?аза?станды? боксшы Бобыржан Момынов (3-0, 3 КО) орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0, 33 КО) ?арсыласы мексикалы? Сауль "Канело" Альвареспен ?ткізген спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (3-0, 3 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген спаррингі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канеломен" таңғажайып спарринг бірінші спарринг өткіздім. Өзімді тамаша сезінемін. "Канело" өз қалпын дұрыстап жатыр. Біз тарихтың бір бөлігіміз. Осында болғаныма қуаныштымын", - деп жазды Момынов Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Момынов орта салмақта өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де нокаутпен жеңді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама