ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 наурыз 2018 16:16
Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді
Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.
Бокс кеші Аргентинада өтті. Рысбектің қарсыласы жергілікті боксшы Виктор Леонардо Лот болды. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 27 жастағы боксшы бұған дейін "Астана Арланс" командасында болды және оның құрамында жүріп, өткен жылы WSB жеңімпазы атанды.
Еске сала кетейік, Арман Рысбек биыл ақпанда кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу