Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне жетті

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов кәсіби рингте оныншы рет қатарынан жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, боксшы әлі бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ.

Екінші жартылай орта салмақтағы сегіз раундтан тұратын жекпе-жек АҚШ-та өтті. Эюбовтың қарсыласы бұл жолы америкалық Джаред Робинсон болды. Қазақстандық спортшы қарсыласын үшінші раундта ноуактқа түсірді. Айта кетейік, Эюбов Робинсонды жекпе-жек басталғаннан кейін 30 секундтан соң нокдаунға жіберген еді. Екінші раундта да америкалық боксшы тізе бүкті. Үшінші раундта рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұған дейін 29 жастағы Эюбов америкалық 36 жастағы Антонио Чавесті жеңген еді. Ол кезде қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында құлатты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама