Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов аргентиналық қарсыласын екінші раундта жеңді

© Instagram/Бобыржан Момынов

?аза?станды? 26 жаста?ы боксшы Бобыржан Момынов бірінші орта салма?та к?сіби де?гейдегі алтыншы жекпе-жегін ?ткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандық 26 жастағы боксшы Бобыржан Момынов бірінші орта салмақта кәсіби деңгейдегі алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, кездесу Аргентинаның Кильмес қаласында өтті. Қазақстандықтың қарсыласы жергілікті боксшы, 28 жастағы Хосе Игнасио Бальседо болды, ол кәсіби бокста бұған дейін бір рет қана жұдырықтасқан.

"Жекпе-жек алты раундтқа есептелген, алайда екінші раундта қазақстандық боксшы уақытынан бұрын жеңді", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Осылайша, Момынов алты жекпе-жек өткізіп, алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Кильместе қазақстандық тағы бір боксшы Арман Рысбек те жекпе-жек өткізуі тиіс болған, алайда оның аргентиналық қарсыласы Виктор Екснер денсаулығына байланысты шықпай қалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама