Қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі тұңғыш кездесуінде бірінші раундта жеңіске жетті

© vk.com

Кәсіби алаңға бірінші рет шыққан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, өзінің кәсіби рингтегі бірінші кездесуін Львовта (Украина) өткізген Ербосынұлы Беларусь боксшысы Андрей Долгожиевпен (8-12-1, 6 КО) жұдырықтасты. Ол қарсыласын мерзімінен бұрын, нақтырақ айтқанда, бірінші раундта жеңіп шықты. Жекпе-жекте алты раунд болған еді.

Реклама
Реклама

ВКонтакте желісіндегі боксшы тобының жазуынша, Айдос Ербосынұлы 1991 жылы 11 қарашада туылған. Ол бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы, спорт шебері. Соңғы кездері 75 келі салмақта Astana Arlans құрамында Қазақстанның намысын қорғап жүр. Ол болашағы зор боксшылардың бірі деп есептеледі. Айдос Шугар Рэй Робинсон мен Рой Джонсты пір тұтады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама