Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіпқой рингте бесінші жеңісіне қол жеткізді

© Instagram/finoboxing

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіпқой рингте бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 34 жастағы америкалық Ленвуд Дозинер болған. Лос-Анджелесте болған жекпе-жек мерзімінен бұрын Әшкеевтің пайдасына шешілді.

Осыған орай, қазақстандық боксшының қоржынында бес кездесуден бес жеңіс бар. Оның төртеуінде ол мерзімінен бұрын аяқтаған. Америкалық осымен кәсіпқой бокста 12-ші рет жеңіліс тауып отыр, тоғыз рет жеңіске жетіп, екі рет тең түскен.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама