Қазақстандық боксшы Мейіржан Жақсылықов Тәжікстан спортшысы Шавкат Рахимовтан жеңіліп қалды

Кәсіби рингке алты жылдан кейін оралған қазақстандық боксшы Мейіржан Жақсылықов Тәжікстан боксшысы Шавкат Рахимовтан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Inboxing.kz басылымына сілтеме жасап.

Кәсіби бокс кеші Екатеринбург қаласында (Ресей) өтті. Жеңіл салмақта бақ сынасқан Жақсылықов пен Рахимовтың арасындағы жекпе-жек төрт раундтан тұрды.

Басылымның мәліметінше, жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Алайда жекпе-жек аяқталғаннан кейін судьялар жеңісті Рахимовқа берді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Жақсылықов кәсіби рингте тоғыз жекпе-жек өткізді және барлығында жеңіске жетті. Осылайша, бұл жолғы жеңіліс қазақстандық боксшы үшін мәнсабында тұңғыш рет болып тұр. Ал Рахимов кәсіби рингтегі үшінші кездесуінде үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама