Қазақстандық боксшы мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді

Камила Долаева Журналист
Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалесті бірінші раундта нокаутқа жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалесті бірінші раундта нокаутқа жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен кездесті. Жекпе-жек канадалық Монреалдағы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының бокс кеші аясында өтті. Кездесу он раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта-ақ аяқталды. Жүкембаев бірінші раундтың соңғы секундтарында қарсыласын нокдаунға жіберді. Рефери санауды бастады, бірақ содан кейін техникалық нокаутты есепке ала отырып, жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.

Реклама
Реклама

Бұл Батыр Жүкембаевтың профидегі 16-шы жекпе-жегі. Айта кетелік, 28 жастағы спортшы профидегі алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы өткізіп, әзірге тек Канадада өнер көрсеткен. 16 наурызда соңғы жұдырықтасуында қазақстандық төрешілердің бірауыз шешімімен мексикалық Хильберто Месуды жеңген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама