Қазақстандық боксшы қарсыласын 46 секундта нокаутпен жеңді

Әли Балоев. © Vesti.kz

Бірінші ауыр салма?та ?аза?станды? боксшы ?ли Балоев (5-0, 4 КО) к?сіби рингтегі бесінші же?ісіне ?ол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта қазақстандық боксшы Әли Балоев (5-0, 4 КО) кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өтіп жатқан бокс кешінің шеңберінде Балоев әзірбайжандық Казим Умудовпен (2-1, 1 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек алты раундқа есептелген, алайда бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы 46 секундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл Балоевтың бесінші жеңісі, бұған дейінгі төрт жекпе-жегінде де уақытынан бұрын жеңген. Ал Умудов үшін бұл бірінші жеңіліс, оның қоржынында екі жеңіс бар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Арман Рысбек грузиялық Сандро Терашвилиді, Айдос Ербосынұлы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевты, Бобиржан Моминов (7-0, 6 КО) грузиялық Георгий Блиадзені жеңді.

Еске сала кетейік, бұл кештегі ең басты оқиға бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша әлем чемпионының белдігі тігілетін кездесу болады, жекпе-жек қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық боксшы Хизни Алтункая арасында өтеді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама