Қазақстандық боксшы қарсыласының жағын сындырып жіберді

Қазақстандық боксшы қарсыласының жағын сындырып жіберді

?арсыласыны? жа?ын сындыр?ан ?аза?станды? боксшы Нурзат Сабиров к?сіп?ой бокста?ы екінші же?ісіне ?ол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 23 жаста?ы ?аза?станды??а америкалы? Лорент Нельсон ?арсы шы??ан еді. Жекпе-жек б?гін т?нде Канаданы? Монреаль ?аласында ?тті.

Қарсыласының жағын сындырған қазақстандық боксшы Нурзат Сабиров кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 23 жастағы қазақстандыққа америкалық Лорент Нельсон қарсы шыққан еді. Жекпе-жек бүгін түнде Канаданың Монреаль қаласында өтті.

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, екінші орта салмақ дәрежесіндегі қос боксшы төрт раундқа созылуы керек болған, алайда жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта қазақстандық өз қарсыласын соққының астына алып, рефери кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдаған. Сабиров техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Нельсон жекпе-жектен кейін дереу ауруханаға жеткізілген, оның жағы сынып кеткен болып шықты.

Осылайша қазақстандық боксшы Нурзат Сабиров кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне мерзімінен бұрын жетіп отыр. Нельсон болса мансап жолында екінші жеңілісіне ұшырады (екі жеңісі бар).

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама