Қазақстандық боксшы қыз америкалықтарды таңғалдырды

© YouTube

Қазақстандық боксшы қыз Эвника Сәдуақасова америкалықтарды өзінің жылдам соққыларымен таңғалдырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Эвника өзінің ерекше өнерін NBC арнасындағы телешоуда көрсетті. Оған 30 секундта барынша көп соққы жасау талабы қойылған болатын. Нәтижесінде ол жарты минутта 206 соққы жасап, көрермендердің қошеметіне ие болды. Айта кетейік, ол шоудың басында ең көп дегенде 130 соққы жасайтынын айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Эвника Сәдуақасованың осыдан екі жыл бұрын жүктеген видеосы шамамен үш миллион рет көрілген еді. "Қазақстандық ең жылдам қыз" деген атаумен жарияланған видеоны әйгілі спортшы Ронда Роузи де Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама