ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 шілде 2018 09:40
Қазақстандық боксшы қыз оңбай нокаутқа түсіп қалды
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (3-1-1, 2 КО) кәсіпқой бокстағы карьерасында тұңғыш рет жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сатыбалдинова АҚШ-тың Корпус-Кристи қаласында уик-эндте өткен бокс кешінің басты кездесуінде өнер көрсеткен. Оған жеңіл салмақта NABF титулының иегері, жеңіліп көрмеген америкалық Селина Барриос (4-0, 2 KО) қарсылас болды.
Кездесу төртінші раундта аяқталды. Бұл раундта Селина сол жақтан соққы жасап, Сатыбалдинованы сұмдық нокаутқа түсірді.
Сатыбалдинова осылайша алғаш рет жеңіліп отыр.
Қазақстандық боксшы жекпе-жектен кейін реваншқа шығуға ниетті екенін айтты. Ал америкалық қарсыласы оны мақтап, келісім берді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу