Қазақстандық боксшы қыз Сатыбалдинова Мексикадағы жекпе-жекте жеңіске жетті

Аида Сатыбалдинова © Instagram

?аза?станды? боксшы ?ыз Аида Сатыбалдинова к?сіби де?гейдегі бірінші же?ісіне ?ол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіби деңгейдегі бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сатыбалдинова бүгін, 22 сәуірде мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы Тихуанада (Мексика) жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, оның нәтижесінде барлық төреші жеңісті Сатыбалдиноваға берді.

Реклама
Реклама

Осылайша, қазақстандық боксшы қыз бірінші жеңісіне екінші жекпе-жекте ғана қол жеткізді. Себебі, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.

Енді боксшы қыз 28 сәуірде АҚШ-та келесі кездесуін өткізеді, алайда қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама