Қазақстандық боксшы WBC "жастар" чемпионы атанды

© Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

21 жастағы Ахмедовтың қарсыласы 33 жастағы мексикалық Даниель Вега Котаны жеңді. Жекпе-жек Канаданың "Дежарден" стадионында өтті. 

Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті және бірінші раундта аяқталды. Ахмедов бірінші секундтан бастап қарсыласын соққының астына алды. Қарсыласы екі мәрте нокдаунға түсті. Мексикалық боксшы үшінші рет есінен айырылған уақытта рефери кездесуді тоқтатты. 

Реклама
Реклама

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой бокста тоғыз жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол сегіз рет кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Айта кетейік, осы бокс кешінде Аман Қазанғапов алғаш рет кәсіпқой рингке шығып, қарсыласымен тең түсті. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама