ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қараша 2015 09:59
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов үздік боксшылардың рейтингінде жоғарылады
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов венесуэлалық Йонфрес Парехоны жеңгеннен кейін жеңілірек салмақтағы үздік боксшылардың рейтингінде екі орынға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Boxrec.com нұсқасы бойынша, Жақиянов 43-ші орыннан 41-ге түсті (73 ұпай). Йонфрез Парехо (72 ұпай) үш орынға төмендеп, қазақстандық боксшыдан кейінгі 42-ші орынды алды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехоны (17-1-1, 8 КО) ұпай айырмасымен жеңген болатын. Монте-карлода өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жанат Жақияновтың жекпе-жегін KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Осылайша, қазақстандық боксшы WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын тартып ала алды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу