Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

© vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы спорттық мансабындағы үшінші жекпе-жегін Алматы қаласында өткізетін болды. Бұл туралы боксшының "Вконтакте" желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

Айдос Ербосынұлы 2015 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан еді. Осыған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де мезгілінен бұрын аяқтаған болатын. 72,6 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын отандасымыз 30 қаңтар күні ресейлік Дмитрий Антиповпен жұдырықтасады. Ол осыған дейін 10 кездесу өткізіп, төртеуінде ғана жеңіске жеткен. 6 жекпе-жегінде жеңіліс тапқан.

Айдос Ербосынұлы мен Дмитрий Антипов арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Алматыдағы өтетін орны хабарланған жоқ.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерін "Fight Promotions" промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Бүгінде бұл компания келісімшарты бойынша қазақстандық тағы бір боксшы Дәурен Елеусінов те кәсіпқой бокс аренасында бақ сынап жүр. 

Massaget.kz

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама