ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қыркүйек 2016 15:41
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің рингке шығатын күні белгілі болды
?аза?станды? к?сіп?ой боксшы Мадияр ?шкеев (5-0, 3 KO) ?зіні? келесі кездесуін 24 ?ырк?йек (Астана уа?ытымен 25 ?ырк?йек) к?ні А?Ш-ты? Лос-Анджелес ?аласында ?ткізеді. ?арсыласы - Мартез Джексон. Б?л туралы боксшыны? "ВКонтакте" желісіндегі ресми пара?шасы хабарлады, - деп жазады Massaget.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (5-0, 3 KO) өзінің келесі кездесуін 24 қыркүйек (Астана уақытымен 25 қыркүйек) күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Қарсыласы - Мартез Джексон. Бұл туралы боксшының "ВКонтакте" желісіндегі ресми парақшасы хабарлады, - деп жазады Massaget.kz.
Америкалық кәсіпқой боксшы Мартез Джексон АҚШ-тың оңтүстігінде орналасқан Джорджия штатындағы Валдоста қаласында 1983 жылы дүниеге келген.
Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2015 жылдың 30 мамырында өткізіп, тең түскен. Ол бүгінге дейін дейін 5 жекпе-жек өткізіп үшеуінде жеңіске жетсе, екеуінде тең түскен. Соңғы кездесуін 2016 жылдың 29 шілдесінде өткізіп, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтқан.
Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін 18 тамыз күні америкалық боксшы Ленвод Дойзерге қарсы өткізіп, 4 раундта нокаутпен ұтқан болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу