Қазақстандық нокаутшы кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді

© Vesti.kz

Супер ауыр салма?та?ы ?аза?станды? боксшы Жан Кособуцкий к?сіп?ой рингтегі жетінші же?ісіне ?ол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

29 жастағы Кособуцкий украиналық 26 жастағы Константин Довбыщенкомен (3-2, 1 КО) жекпе-жек өткізген. Кездесу Минскіде өтіп, 6 раундқа созылған. Нәтижесінде қазақстандық боксшы ұпай айырмасымен жеңіске жетті.

Бұл Жан Кособуцкийдің 2018 жылы өткізген төртінші жекпе-жегі. Оның карьерасы 2017 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Қазақстандық боксшы 12 айда 6 рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ал бұл жолы ол тұңғыш реті нокаутсыз жеңіске жетіп отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама