Қазақстандық нокаутшы қаңтарда 15 күн ішінде екі жекпе-жек өткізеді

© Vesti.kz

Жартылай орта салма?та?ы ?аза?станды? боксшы Бахтияр Эюбов ?а?тарда 15 к?н ішінде бірден екі жекпе-жек ?ткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов қаңтарда 15 күн ішінде бірден екі жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, 30 жастағы Эюбов 7 қаңтар күні рингке шығады. Ол Мичиган штатындағы Дирборн қаласында никарагуалық Элвин Переспен жалты раундтық жекпе-жек өткізеді. Перес кәсіпқой бокста 28 кездесуде жеңіске жетіп, 16 рет жеңілген және төрт рет тең түскен.  

Эюбовтың келесі жекпе-жегі 22 қаңтарға белгіленген. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері мәлімдеді. Жекпе-жек Детройт қаласында өтетіні белгілі болғанымен, әзірге оның қарсыласы кім болатыны анықталмады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазіргі кезде Эюбов кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өтікізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның ішінде он кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама