ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 наурыз 2017 16:27
Қазақстанға Флойд Мейвезер келеді
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Биыл Астанада өтетін WBC 55-ші конвенциясының жай-жапсарын айтып берді.
"Конвенцияны Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы мен WBC басшылығы өткізеді. Әзірше 25 тамыз бен 1 қыркүйек арасы деп отырмыз. Конвенция EXPO халықаралық көрмесінің аясында өтеді. Оған меценаттар, сарапшылар, бокс жұлдыздары келеді. Құрметті қонақтардың ішінде америкалық Флойд Мейвезер, Лейла Әли бар", - деді Бекхожин.
Ал осыған дейін конвенцияға даңқты боксшы Майк Тайсонның келетіні белгілі болған еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу