"Құбыжықты" жеңген қазақстандық боксшы Азия біріншілігінде қарсыласының мұрнын бұзды

Тұрсынбай Құлахмет. © Данияр Майлыбаев

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық кездесуде отандасымыз түркменстандық Нурсахат Паззыевпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек бар-жоғы 20 секундқа созылды. Құлахмет қарсыласының мұрнын бұзып, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетейік, ширек финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовты жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңді. "Құбыжық" лақап атымен танылған Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізген. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама