Рахмонов UFC-ден бонус ретінде 50 мың доллар алды

Шавкат Рахмонов. Фото: UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (15-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 47 турнирінде сенімді жеңіске жетті. Техникалық нокауттың арқасында ол 50 мың доллар бонус алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы файтер Карлстон Харристі (17-5) нокаутпен жеңгеннен кейін үздік өнер көрсеткені үшін 50 мың доллар (21,6 миллион теңге) бонус алды. Жекпе-жектің 16-шы секундында қарсыласын нокаутқа жіберген Чиди Нджокуани (21-7-0-1) дәл осындай бонусқа кепілдік берді.

Сондай-ақ, бонус Джулиан Эросаға да беріледі (27-9), ол кештің ең жақсы жекпе-жегі үшін 100 мың доллар алады. Ал қарсыласы бонуссыз қалды, себебі салмақ дәрежесінің лимитіне сай келмеді.

Реклама
Реклама

Бұл Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы бонусы. Бұған дейін қазақстандықтардан Мария Агапова екі рет (10-2) бонус алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная