Ресейде Усикті өз боксшысы санайды, Головкин мен Ломаченконы да - Гассиев

Геннадий Головкин және Мурат Гассиев. Сурет Абель Санчес

Бірінші ауыр салма?та IBF ж?не WBA Super чемпионы ресейлік Мурат Гассиев Б?кіл?лемдік бокс суперсериясы (WBSS) турниріні? финалында WBC ж?не WBO чемпионы Александр Усикпен жекпе-жегіне ?атысты пікірін айтты. 

Бірінші ауыр салмақта IBF және WBA Super чемпионы ресейлік Мурат Гассиев Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS) турнирінің финалында WBC және WBO чемпионы Александр Усикпен жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты. 

Оның сөзінше, украиналықты Ресейде өз боксшысындай көреді, оның отандасы Василий Ломаченко мен қазақстандық Геннадий Головкинді де. 

"Жақсы тұсы - жекпе-жекке достарым келе алады. Бұл маңызды. Олар қайда болса да аттанады, бірақ, мәселен Сауд Арабиясына бару қиын болады. Усиктің жанкүйерлеріне де Еуропаға барғанша, Мәскеуге келу оңай әрі арзан. 

Реклама
Реклама

"Олимпийскийде" Усиктің жанкүйерлері менікінен кем болмайтын шығар. Ресейде Александрды жақсы таниды және өз боксшысындай көреді, Василий Ломаченко, Геннадий Головкин де солай. Сондықтан "қарсыластың аумағында жұдырықтасу" деген түсінік бұл жерге келіңкіремейді", - деп жазыпты Гассиев Instagram желісіндегі парақшасына.

Еске салайық, Гассиев пен Усик жекпе-жегі 21 шілдеде Мәскеуде өтеді. Бұл жекпе-жек қалай аяқталса да, қарсыластар қарымта өткізетіні хабарланды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама