Сот Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты Екатерина Биволға міндетті жұмыс түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Ресейдің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Соттың Telegram арнасы мәліметінше, Екатерина Биволға 60 сағаттық міндетті жұмыс тағайындалған. Лингвистикалық сараптама оның сөздерінде қорлау, балағат сөздер бар екенін көрсеткен.
Еске салайық, бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді.
Кейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі де Екатерина Биволға іздеу жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!