Риодағы Олимпиада: Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді

Риодағы Олимпиада: Дариға Шәкімова әлемнің екі дүркін чемпионын жеңді

Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадада бокстан Қазақстан намысын қорғап жүрген Дариға Шәкімова бірінші кездесуін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсететін қазақстандық 27 жастағы боксшының 1/8 финалдағы қарсыласы әлемнің екі дүркін чемпионы 31 жастағы канадалық спортшы Ариан Фортин болды.

Бірінші раундта есе (28:29) жіберген Шәкімова қалған екі раундта (29:28 және 29:28) қарсыласынан айласын асырып жеңіске жетті. Төртінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер қазақстандықтың пайдасына шешіп, оған 1/4  финалға жолдама берді.

Жарнама
Жарнама

Олимпиада ойындарында тағы бір қазақстандық боксшы (51 келіге дейін) Жайна Шекербекова өнер көрсетеді. Оның жекпе-жегі 18 тамызға белгіленген.

Дариға Шәкімова - Азияның екі дүркін чемпионы. 2015 жылы қазақстандық бокс федерациясы оны жыл боксшысы деп таныған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама