Рионы Мұхаммед Әлидің мәнерімен таңғалдырған Ералиев өзбек бокшысынан жеңіліп қалды

Рионы Мұхаммед Әлидің мәнерімен таңғалдырған Ералиев өзбек бокшысынан жеңіліп қалды © Reuters

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев 56 келіге дейінгі категорияда Олимпиаданың 1/8 финалында жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы - әлем чемпионатының финалисі өзбекстандық Мурождон Ахмадалиев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (3:0). 

Бірінші раундта боксшылар ашық әрі кескілескен ұрыс көрсетті, алайда төрешілер Ахмадалиевті басым болды деп есептеді. Екінші раундта да боксшылар бәсеңдемеді, мұнда да өзбек боксшысы мықты болды. Ал үшінші раундта Ералиев белсенді бола түсіп, жеңгендей болған еді, бірақ төрешілер жекпе-жекті Ахмадалиевтің пайдасына шешті.

Реклама
Реклама

Осылайша Ералиев Олимпиададан қайтқан төртінші қазақстандық боксшы болып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама