Руслан Мәдиев кәсіби рингтегі жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

© Vk.com/ggolovkin

GGG командасындағы қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев америкалық Томас Эррераға қарсы өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық жігіт кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал оның қарсыласы 30 жастағы Эрерра 20 кездесу өткізіп, оның 15-ін жеңіліспен аяқтаған. Руслан төрт раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының жекпе-жегі Калифорниядағы The Hangar аренасында өтті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама