08 желтоқсан 2019 10:55

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы он бірінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді

Камила Долаева Журналист
Сурет: Eye of the Tiger Management

Бірінші орта салмақтағы WBC жастар чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов профиде кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақтағы WBC жастар чемпионы атанған 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов профиде кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ол канадалық Монреальдағы бокс кешіне қатысты, ал қарсыласы 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос болды.

Реклама
Реклама

Жекпе-жек он раундқа жоспарланса да, Ахмедов біріншісінен бастап басымдық танытып, жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл әлі жеңіліп көрмеген қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі, оның 10-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, Ахмедов 25 қазанда мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. 21 жастағы боксшы үшін бұл 2019 жылы өткізетін бесінші кездесуі. Ол 2018 жылдың сәуірінен бастап кәсіпқой шаршы алаңда жұдырықтасып келеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram