Садриддин Ахмедовтың мексикалық спортшыны жеңген видеосы жарияланды

Камила Долаева Журналист
Садриддин Ахмедовтың мексикалық спортшыны жеңген видеосы жарияланды Сурет: Eye of the Tiger Management

Бүгін Канаданың Квебек қаласында жастар арасында WBC алтын белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов мексикалық Джонни Наварретемен кездесіп техникалық нокаутпен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 раундқа жоспарланған жекпе-жек Садриддиннің басымдығымен өтті. Сәт сайын ауыр соққы алған 31 жастағы мексикалық боксшы отандасымызға лайықты қауқар көрсете алған жоқ. Нәтижесінде Джонни шешуші 8-раудтқа шығудан бас тартты.

Жарнама
Жарнама

Осылайша, Ахмедов өз атағын қорғап, 10-шы жеңісіне жетті. Ал Наваррете карьерасындағы 16-шы жеңіліске ұшырады, сонымен қатар, оның қоржынында 33 жеңіс пен екі тең нәтиже бар.

Енді ол келесі кездесуін 7 желтоқсанда Монреаль қаласындағы Bell Centrе спорт кешенінде өткізеді.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама