Сағадат Рақманқұл Голливудта жекпе-жек өткізеді

Сағадат Рақманқұл Голливудта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұл келесі жекпе-жегін 10 мамырда өткізеді. Бұл туралы боксшының пиар-менеджері Уәлихан Қосанбай мәлім етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Сағадат Рақманқұл келесі жекпе-жегін 10 мамырда өткізеді. Бұл туралы боксшының пиар-менеджері Уәлихан Қосанбай мәлім етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Рақманқұл Лос-Анджелес қаласының қасында орналасқан Голливудта өтетін бокс кешіне қатысады. Әзірше боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Айта кетейік, Сағадат Рақманқұл өзінің соңғы жекпе-жегін де Голливудта өткізген болатын. 17 наурызда ол америкалық Брэндон Адамспен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан еді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Рақманқұл кәсіпқой бокста бес жекпе-жек өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жеткен. Бір кездесуде жеңіліп қалған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама