ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2022 | 10:17
Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 5 қарашада ерлер арасында ринг төріне өзі шықты.
Сәкен Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также