Санчес Головкиннің салмақ дәрежесі ауысатынын мәлімдеді

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинні? (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес ш?кіртіні? таяуда бас?а салма? д?режесіне ауысатынын м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес шәкіртінің таяуда басқа салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бапкердің айтуынша, GGG қызықты жекпе-жектерге қол жеткізу үшін 168 фунтқа көтерілуі мүмкін. "Головкиннің 168 фунтқа көтеріліп, дұрыс жекпе-жек өткізетінін, кейін қайтадан 160 түсетінін ақылға қонымды деп есептеймін. Бір жарым жылдан кейін ол 168 фунтта қалады. Үш жылдан кейін ол 168 бен 175 фунттың арасында қалуы мүмкін. Алайда промоутерлер мен менеджерлер Головкиннің мансап жолына ненің дұрыс қадам болатынын қарастырады. Сондай-ақ, көтерілген салмағымызда жақсы жекпе-жек ұйымдастыра аламыз ба, жоқ па, осыған да байланысты, құр әңгіме емес, шын мәнінде керемет жекпе-жек өткізу керек", - деп мәлімдеді Санчес World Boxing News басылымына берген сұхбатында. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама