ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2019 | 18:17
Санчесті жұмыстан босатып, заңгерді алмастырды. GGG Леффлермен қош айтыса ма?
Орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкин бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан промоутері Том Леффлермен қош айтысуға жақын қалды. Бұл туралы адвокат Джон Вирг мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкин бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан промоутері Том Леффлермен қош айтысуға жақын қалды. Бұл туралы адвокат Джон Вирг мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Геннадий көп жылдар бойы өзін жаттықтырған бапкері Абель Санчесті жұмыстан босатты. Ұзақ жылдар бойы қызмет еткен заңгер Рон Диниколуды алмастырды. Томм Леффлердің промоутерлік қызметі біршама шектелген және олар ат жібін үзуге жақын", - деді ол.
Осыған дейін, Вирг Головкинге қарсы сот ісі туралы айтқан еді. Оның айтуынша, ағайынды Олег және Максим Германдар қазақстандық спортшы үшін менеджерлік қызметі үшін төленбеген ақыны сұраған.
Ақпанда Головкиннің ағайынды Германдардың үстінен арыз бергені белгілі болған. Боксшы оларда 3,5 миллион доллар өтемақы талап еткен. Бұрынғы менеджерлер осыған байланысты қарсы арыз жазған.
Головкин мен Леффлер 2011 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Америкалық промоутер сот арқылы спортшының немістің Universum компаниясымен келісімшартты үзуіне қол жеткізген.
Сәуірде Головкин тоғыз жыл өзін жаттықтырған Санчеспен қош айтысты. Мамырда ол Джонатан Бэнксті өзінің бапкері ретінде таныстырды.
Показать комментарии
Читайте также