31 шілде 2021 11:42

Сәпиев Токио Олимпиадасындағы өзі күтпеген жайт туралы айтты

Серік Сәпиев. Фото: olympic.kz

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Sports True арнасына берген сұхбатында Токио Олимпиадасында өзі күтпеген жайт туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен үшін күтпеген жайт - Василий Левиттің жеңілуі. Техникалық нокаутпен жеңілді, оны күтпедім. Мен Бекзад Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіповтің қарсыластарынан қорықтым. Серік Теміржанов жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттендік. Бірақ төрт боксшы жеңіліп қалды. Турнир әлі біткен жоқ. Қалған салмақтар бойынша жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Жарыс жолында қалған жігіттерге үміт артамыз", - деді Сәпиев. 

Одан бөлек, Серік Сәпиев Абылайхан Жүсіповтің жеңілгеніне қынжылғанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Себебі екеуіміз бір бокс мектебінен, бір қаладан шыққанбыз. Ол менің жаттықтырушыммен дайындалатын. Машықтанып, маған қарап өсті. Сондықтан, әрине, Абылайханның жеңілгеніне қынжылдым", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram