Сарапшы Деревянченконың GGG-ге неге лайықты қарсылас екенін түсіндірді

viewings icon 597
comments icon 0
© HBO Boxing © HBO Boxing

ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуге неге лайықты екенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуге неге лайықты екенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшылар орта салмақта IBF титулын сарапқа салады. Бейсенбіде баспасөз мәслихаты жоспарланған, сонда Головкин мен Деревянченко арасындағы жекпе-жек жайлы ресми хабарлануы керек. Кездесу 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Реклама
Реклама

"Деревянченко Головкин үшін лайықты қарсылас па? Сөзсіз. Оның жасы 33-те, Украинадан, кәсіпқой рингтегі рекорды - 13-1, алайда ол - лайықты қарсылас. Әуесқой карьерасы мазмұнды болды, 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты. 

Кәсіпқой деңгейде тек Дэниэл Джейкобстан жеңілген. Туреано Джонсон мен әлемнің бұрынғы чемпионы Сэм Солиманды ауыр нокаутқа түсірді, сондай-ақ міндетті үміткер атағы үшін өткен кездесуде Джек Кулкайды ұпай айырмашылығымен сенімді жеңді", - деп жазды Рафаэль. 

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин мен Деревянченко жекпе-жегін тамыздың басында тағайындаған болатын. Жақын арада екі тарап жекпе-жек жайлы ресми хабарлайды деп күтіліп отыр. 

Tengrinews
Есет Төлеш
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная