Сәрсекбаев пен Артаевты жеңген боксшы Головкинге қарсы шығуы мүмкін

Иллюстрация. ©Тұрар Қазанғапов

Олимпиада чемпиондары Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаевты жеңген кубалық боксшысы Эрисланди Лара Головкинге қарсы шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz

Басылым мәліметінше, Эрисланди Лара Геннадий Головкинмен бар күшін салып жұдырықтаспақ. 32 жастағы кубалық кәсіпқой бокстағы жеті маусым ішінде 24 кездесу өткізіп, оның 20-сында жеңіске жеткен. Ол бір жыл бұрын Сауль "Канело" Альварестен, ал 2011 жылы Пол Уильямстан жеңілді. 

Головкин мен Лараның кездесуі жайлы мақала арнаған басылымның хабарлауынша, Лара қазақстандық бокспен біршама таныс. "2005 жылы ол Әлем кубогының командалық жартылай финалында болашақ олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты ұпай саны бойынша жеңді. Лара қазақстандық тағы бір боксшы, олимпиада жеңімпазы Бақтияр Артаевты тізе бүктірді. Сол кезде Артаев тек үшінші орынды місе тұтты", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Бұдан кейін Vesti.kz Геннадий Головкин мен Эрисланди Лараны салыстырған инфографиканы береді. Инфографикада екі боксшының жылдамдығы, соққы күші, жақ төзімділігі, жалпы төзімділігі, сұсы сияқты категорияларда салғастырылады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама