Сегіз жыл чемпионмын, бірақ The Ring белбеуіне жуытқылары келмейді - Головкин

Видеодан алынған кадр

?аза?станды? Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналыны? белбеуі мексикалы? Сауль "Канело" Альваресте (49-1-1, 34 КО) болуы ?аншалы?ты за?ды екеніне ?атысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналының белбеуі мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (49-1-1, 34 КО) болуы қаншалықты заңды екеніне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл саясат. Сегіз жыл бойы чемпионмын. The Ring Magazine белбеуіне неге маңайлатпайтынын түсінбеймін. Мұда саясат жатыр, кімнің екені түсінікті. Бокс жанкүйерлеріне қатысты неге сондай әділетсіздік бар деген наразылықтар туып жатыр. Бұл менің проблемам емес. Бұл иегерлерінің мәселесі", - дейді Головкин. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер белбеудің "Канелоға" жеңіспен келгенін, ал Головкин алғашқы жекпе-жекте оны жеңе алмағанын айтты.  

Еске салайық, 15 наурызда "Канелоның" бесінші допинг сынамасының қорытындысы шықты, Альварестің Сан-Диегода жүргенде алынған қан құрамынан алдыңғы екі сынамадағыдай допинг анықталмады.  

Айта кетейік, 6 наурызда Альварестің қанынан кленбутерол атты тыйым салынған препарат анықталған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама