11 қазан 2019 | 09:25

Серік Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен жұдырықтасатынын мәлімдеді

© instagram/szeremeta_kamil

Польшалық бапкер Камил Шеремета келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Польшалық бапкер Камил Шеремета келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Головкинмен жекпе-жек ақпанның басында болады. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасамыз", - деді Шеремета TVP-ге берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

Поляк дайындықты қарашада бастайтынын айтты. 

Бұған дейін The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мен басылым журналисі Майкл Бенсон Головкин - Шеремета жекпе-жегі бойынша келісімге қол қойылғанын хабарлаған еді. 

IBF-тің қыркүйектегі рейтингінде Шеремета Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан соң үшінші орында тұрған. Поляк қазандағы рейтингте көшбасына шығып, титулға ресми үміткер болмақ. 

Қыркүйекте Шеремета промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған. Бұл промоутермен Головкин де жұмыс істейді. Польшалық боксшы АҚШ-тағы дебютін Головкин - Деревянченко кешінің андеркартында өткізген. Сол кездесуде ол мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутқа түсірген еді. 

Камил Шеремета кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал әуесқой карьерасында 2010 жылы қазақстандық Серік Сәпиевтен басым түскен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная