ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2019 | 16:44
Ішім пысып кетті - Мейвезер "Канело" - Ковалев жекпе-жегі туралы
Кіші Флойд Мейвезердің ағасы әрі бапкері, екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпион Джефф Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-2-1, 36 КО) ресейлік Сергей Ковалевті жеңуіне қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар, мексикалықтың Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) ықтимал трилогия жайлы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кіші Флойд Мейвезердің ағасы әрі бапкері, екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпион Джефф Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-2-1, 36 КО) ресейлік Сергей Ковалевті жеңуіне қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар, мексикалықтың Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) ықтимал трилогия жайлы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі 11-раунда аяқталған болатын. Мейвезер жекпе-жектің ішпыстырарлық болғанын айтты, оған бірінші нөмірмен жұмыс істей алмаған Ковалевті кінәлаған.
"Канело" жеңеді деп ойладым. Солай болды да. Бірақ жекпе-жек ішпыстырарлық дәрежеде өтеді деп ойламадым. Бұған себепші Ковалев дегенге келісемін: оның денесі ірі әрі қуатты болғанымен, ол бірінші нөмірмен жұдырықтасуға тырыспай, керісінше шегініп жүрді. Меніңше, шегіну арқылы техникалық мықты қарсыласты жеңу мүмкін емес. Антропометрия? Түкіргенім бар. Оның мықты джебі туралы көп сөз айтылады. Шынына келсек, джебтері Альварестің бетіне емес, қолғабына тиді.
Нокаутқа дейін іш пысып кетті. Меніңше, "Канело" есеп бойынша басым болды. Менің есептеуім бойынша, ол 2-3 ұпайға алда болды. Раундтардың іш пыстырарлық болғаны соншалық тіпті менің өзім кей раундта кімнің жеңгенін білмедім. Бірақ жеңістің басым көпшілігі Альваресте болды. Өйткені ол ұрысқа өз ойын ережелерін енгізіп отырды.
Ковалев ше? Бұл оның мансабының соңы шығар. Егер сіз екі салмақ дәрежесіне көтерілген адамнан мерзімінен бұрын ұтылсаңыз, онда бұл ойланатын жәйт. Ол қартайып қалды. Жақсы табыс тапты. Бәлкім қолғапты төрге іліп қойып, жағалауда коктейль ішіп жататын кезі келген болар", - дейді Мейвезер.
Мейвезер Альварес - Головкин жекпе-жегінің үшінші бөлімі болмағанын және мексикалықтың жартылай ауыр салмақта қалмағанын қалайтынын айтты.
"Жоқ, жетер! Мен олардың жекпе-жегінен шаршадым. Шынын айтайын, "Канело" бірінші жекпе-жектің өзінде Головкинді жеңді деп ойлаймын. Ал екінші жекпе-жекте ол нақты жеңіске жетті. Трилогия өткізудің не қажеті бар? Білмеймін.
Оның таңдауы көп. Бірақ оған жартылай ауыр салмақта қалған дұрыс деп есептемеймін. Менің ойымша, оған орта немесе екінші орта дивизионда абсолют чемпион атағы үшін күресу керек. Жеңіл салмақтан кейін орта салмаққа оралу қиын болар. Оған ең жақын нұсқа - екінші орта салмақ шығар", - деп есептейді Мейвезер.
Показать комментарии
Читайте также