12 қазан 2018 | 09:43

Сондерс допинг үшін белбеуінен айырылды

Билли Джо Сондерс пен Фрэнк Уоррен. © Boxing News

Ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) орта салмақта WBO чемпионы атағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) орта салмақта WBO чемпионы атағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Кеше, 11 қазанда Деметриус Андраденің (25-0, 16 КО) промоутері Энди Хирн WBO белбеуі босағанын және оның америкалық пен намибиялық Уолтер Каутондокваның (17-0, 16 КО) жекпе-жегіне тігілетінін хабарлады.

Реклама
Реклама

"WBO президенті Франциско Валькарсель мұны мақұлдады. Андраде WBO рейтингіндегі екінші тұрған Каутондоквамен орта салмақтағы WBO чемпиондығы үшін жұдырықтасады", - деп жазған Хирн твиттер желісінде.

Айта кетейік, Андраде - Каутондоква жекпе-жегі 20 қазанда Бостонда өтеді. Бұл бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы, олимпимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) америкалық Мэтт Догертимен (8-5-1, 4 КО) жұдырықтасады.

Just confirmed from @PacoValcarcel @WorldBoxingOrg - @BooBooAndrade v WBO #2 Kautondokwa will now be for the vacant 160lb WBO world title @tdgarden October 20 live on @DAZN_USA

— Eddie Hearn (@EddieHearn) 11 октября 2018 г.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная