ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 наурыз 2017 20:12
Сондерс Головкин "қашып кеткен" жағдайда кіммен жұдырықтасатынын айтты
Орта салма?та?ы WBO белбеуіні? иегері Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жек жайлы келісе алмаса, рингке кіммен шы?атынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жек жайлы келісе алмаса, рингке кіммен шығатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкин жекпе-жектен қашатын болса, Мигел Коттомен жұдырықтасқым келеді", - деп жазды Сондерс Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сондерстің промоутері Головкиннің командасымен келіссөздердің басталғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, боксшылардың кездесуі Астанада маусым айында өтетіні хабарланған еді. Сондерстің өзі де Қазақстанға келуге дайын екенін мәлімдеген болатын.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу