Сондерс Головкинге арнап мәлімдеме жасады: Іске көшейік!

Билли Джо Сондерс. © skysports.com

Орта салма?та WBO т?жырымы бойынша ?лем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) арнап м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) арнап мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Ұлыбританиялық боксшы қазақстандыққа бос сөйлей бермеу керек екенін айтты.

"Оған мына хабарламаны жолдаймын: "Барлық белбеуді алғың келетінін жалғастыра беруіңе болады. Бірақ сөзден іске көшетін уақыт келді. Менімен маусымда кездесесің немесе кездеспейсің. Менің атымды атадың, қуанышпен жекпе-жекке келісіп, өтінішіңді орындаймын. Уақытты бос өткізбей, бастайық", - деп келтіреді Сондерстің сөзін espn.com.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін. Ол осыған дейін де бірнеше рет қазақстандыққа қатысты атышулы мәлімдеме жасаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама