Сондерс: "Канело" қауіпсіздігін ойлап қашып жүр, ол Головкинмен жұдырықтасуға келіспейді

Сондерс: "Канело" қауіпсіздігін ойлап қашып жүр, ол Головкинмен жұдырықтасуға келіспейді © Vesti.kz

Орта салма?та WBO т?жырымы бойынша ?лем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннен "?ашып", отандасы Хулио Сезар Чавесті та?да?ан мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті сын?а алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкиннен "қашып", отандасы Хулио Сезар Чавесті таңдаған мексикалық Сауль "Канело" Альваресті сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Чавес бұл жекпе-жек үшін көп салмақ тастап жатыр. Ал "Канело" кезекті рет қауіпсіздігін ойлап, қарсылас таңдады. Головкинмен жұдырықтаспау үшін бір рет белбеуді өз еркімен бере салған. Жақын арада ол жұдырықтасуға келісе қоймас деп ойлаймын", - дейді Сондерс Fight Hype басылымына.

Қос мексикалық боксшының кездесуі 6 мамырда Лас-Вегаста 164,5 фунт аралық салмақта өтеді. 

Жарнама
Жарнама

Сонымен бірге, "Канелоның" командасы қыркүйекте Головкинмен жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама