Сондерс Лемьені жеңген жағдайда Головкин мен "Канело" кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға мүмкіндік алады - промоутер

© Спорт-Экспресс

Орта салма?та WBO чемпионы Билли Джо Сондерсті? (25-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен канадалы? Давид Лемьені (38-3, 33 КО) же?ген с?тте, ?лыбританиялы? боксшыны? алдында ?лкен м?мкіндіктер есігі ай?ара ашылатынын м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (25-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен канадалық Давид Лемьені (38-3, 33 КО) жеңген сәтте, ұлыбританиялық боксшының алдында үлкен мүмкіндіктер есігі айқара ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Канадаға барғанда HBO арнасынан прайм-тайм аламыз, бұл Сондерс үшін өте маңызды. Ол жеңіске жетуі тиіс, сол кезде біз Головкин - Альварес кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға мүмкіндік аламыз. Сондерс сонда барып өз миллиондарын алып қайтуы керектігін біледі. Бұл кездесу оған жаңа белестерге шығуға шабыт береді деп сенемін", - деді Уоррен BoxingScene.com порталына берген сұхбатында.

Осыған дейін Сондерстің өзі де Лемьемен өтетін жекпе-жек үлкен балыққа (Головкин - Альварес кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасу) алып келетіні жайлы айтқан еді. Алайда канадалық боксшы да оңайлықпен берілмейтінін, ұлыбританиялықтың нөлін өзгертетінін айтқан еді.

Реклама
Реклама

Сондерс пен Лемье жекпе-жегі 16 желтоқсанда Канаданың Лавале қаласындағы Place Bell аренасында өтеді. Жеңмпаз табыстың 70 пайызын алады, ал жеңіліс тапқан боксшы 30 пайызын алады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама