ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2020 | 16:42
Сондрес пен "Канело" арасындағы кездесу өтпей қалуы мүмкін
Супер орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) жақын арада мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) өтуі мүмкін деген кездесуге байланысты нақты жауап алғысы келіп отар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Супер орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) жақын арада мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) өтуі мүмкін деген кездесуге байланысты нақты жауап алғысы келіп отар, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл екі жігіт жыл соңына дейін жекпе-жек өткізеді деген ақпарат шыққан еді. Бірақ Альварес DAZN басшыларымен жанжалдасып қалған. Сол үшін биыл ол жекпе-жек өткізбеуі де мүмкін. Мұны Билли біледі екен. Дегенмен де британдық боксшының айтуынша, бұл кездесу өтуі де мүмкін. Қазір келіссөз жүріп жатыр. Боксшының промоутері Эдди Хирн дүйсінбегі дейін нақты жауап беретінін айтыпты.
Сондерс биыл бір кездесу өткізгісі келеді. Ол қазір айқасытың қашан өтетінін күтіп отыр.
"Бұл Хирннің кінәсі емес екенін білемін. Алайда маған бір кездесу өткізу керек. Егер "Канеломен" келісе алмасақ, басқа жігіттермен кездесуге дайынмын. Мысалы, Каллум Смит немесе Деметриус Андраде", - деді британиялық боксшы.
Сондерс 2019 жылдың қарашасынан бастап шаршы алаңға шықпады. Ол соңғы кездесуінде аргентиналық Марсело Косерасқа қарсы шығып, 11-ші раунда жеңіске жетті.
Ал Альварес болса соңғы кездесуін былтыр қарашада Сергей Ковалевқа қарсы өткізіп, 11 раундта жеңген болатын.
Бұған дейін DAZN "Канелоның" түркиялық боксшы Авни Йылдырымға қарсы кездесуіне рұқсат бермеді. Компания басшылары мексикалық боксшының атақты спортшыға қарсы шыққанын қалап отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также