Соңғы гонг соғылғанда менің дәуірім келгенін бәрі түсінеді - Альварес

Мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) же?етініне ж?не осылайша ?лемні? ?здік боксшысы екенін д?лелдейтініне сенімді. 

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) жеңетініне және осылайша әлемнің үздік боксшысы екенін дәлелдейтініне сенімді. 

"Жанкүйерлеріме бүгінде мүмкін болып отырған ең үздік жекпе-жек сыйлау үшін T-Mobile Arena-ға оралғаныма қуаныштымын. Мен ешкімнен қорықпайтынымды талай айтып келемін, Головкинмен шаршы алаңға шыққанда да осыны дәлелдеймін. Соңғы гонг соғылғанда, менің дәуірім келгенін бәрі түсінеді, бүгінде менің үздік боксшы екенім бәріне аян болады", - дейді "Канело" boxingscene.com басылымына берген сұхбатында. 

Ал Головкин өз кезегінде тұңғыш рет жұдырықтасатын T-Mobile Arena аренасының таңдалғанына қатысты пікір білдірді. "Мен мұндай жекпе-жекті кәсіпқой боксқа келген сәттен бастап армандадым. Бұл нағыз чемпиондардың деңгейі болады, жанкүйерлерге әсерлі жекпе-жек сыйлаймыз", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, кеше екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ!" - деп жазды Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама