25 маусым 2022 10:34

"Соңғы қарсыласы боламын". Канело Головкинге мәлімдеме жасады

© DAZN

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канело" GGG карьерасындағы соңғы қарсыласы болатынын мәлімдеді. Ол оны зейнетке шығаруды жоспарлап отыр", - деп жазды мексикалық the Athletic шолушысы Грег Розенштейн.

Айта кетейік, қарсыластар 2018 жылдан бері алғаш рет бетпе-бет кездесті. Олар Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, көз арбасты.

Реклама
Реклама

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да болады. Алдыңғы екі жекпе-жек те осында өткен. Біріншісі кездесу даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram